Accessibility links

Кабул тәліптер көсемінің қазасын анықтап жатыр


Ауғанстан үкіметі Пәкістандағы тәліптердің дала қолбасшысының қаза болғаны туралы ақпаратты тексеру үстінде.

Елдің шығысындағы Нұристан өлкесінің шекара полициясы Пәкістанның Сват жазығында тәліптерге 2 жыл көсем болған Маулан Фазлулдың қақтығыста мерт болғанын хабарлады.

Пәкістан үкіметі Фазлулды ұстап беруге 600 мың доллар сыйақы тағайындаған болатын.

Пәкістан армиясының тәліптерге қарсы ірі соғыс қимылдары басталған кезде Фазлул Ауғанстанды паналады-ау деген жорамал пайда болды.
XS
SM
MD
LG