Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы аймағындағы алты әкімшілік округ пен Сарыағаш қаласындағы 54 тұрғын үйді бейсенбі күні су басып қалды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, нөсер жаңбырдан аймақта су деңгейі көтерілген. Апаттан ешкім зардап шекпеген.
Төтенше оқиға Ақүй, Дарбаза, Дастан, Жаңатал, Күркүлес және Төрттам ауылдарында тіркелді. Жаңбыр суы тұрғын үйлердің негізінен аулалары мен жертөлелерін басты. Қазір апат салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.