Accessibility links

Вашингтон Түркия мен Бразилияны Иранмен келіскені үшін айыптады


АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Бразилия мен Түркияның жақында Иранмен арадағы уран байытуға қатысты жасаған келісімдерін халықаралық қауіпсіздікке «қауіпті» деп атады.

Бейсенбі күні Вашингтонда баяндама жасаған Хиллари Клинтон "Барак Обама әкімшілігі Бразилияның Иранмен әріптестік орнату әрекетін қолдамайды" деп мәлімдеді.

Бразилия мен Түркияның 17 мамырда Иранмен жасаған келісімдері бойынша, аз байытылған уранды реактор зерттеулеріне қажетті жоғары байытылған ядролық отынға айырбастауды көздейді. Бұған қоса Теһран уранды байыту жұмыстарынан бас тартпайтындығын мәлімдеп отыр.

AzattyqTV

AzatNEWS 23.05.2017

AzatNEWS 23.05.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG