Accessibility links

Чехиядағы парламент сайлауы 2 күн жалғасады


Бүгін Чехияда кезектен тыс парламент сайлауы басталды. Дауыс беру 2 күн жалғасады.

Соңғы қоғамдық сауалнамаға қарағанда, социал-демократтар көш бастап келеді. Алайда, өз бетінше үкімет жасақтай алатындай көп дауыс жинай алмайды.

Олар табысы жоғары азаматтар төлейтін салықты көтеріп, қарапайым халықтың әлеуметтік қамсыздандыруын кеңейтуді ұсынады.

Социал-демократтардың басты бәсекелесі – оңшылцентристік Азаматтық-демократиялық партия – Грекия сияқты ауыр дағдарысқа душар болмас үшін мемлекеттік шығындарды шектеуді көздейді.

Парламентке өту үшін саяси партиялар 5 пайыздық межеден өтуге тиіс.

2009 жылдың наурызында парламент оңшылардың үкіметіне сенімсіздік білдергеннен бері Чехия үкіметінде уақытша әкімшілік отыр.
XS
SM
MD
LG