Accessibility links

Бейжің Ватиканмен астыртын келіссөз өткізіп жатыр


«Italia Oggi» газетінің хабарлауынша, Қытай билігі дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіру және келешекте Рим Папасының Қытай Халық Республикасына - Рим католик шіркеуінің тарихындағы - тұңғыш сапарын ұйымдастыру мақсатында Ватиканмен құпия келіссөз жүзгізу үстінде.

Келіссөзге католиктердің әулие Эгидия қауымы араағайын болып қатысатын көрінеді. Біздің тілшіміздің хабарлауынша, бейресми ақпар бойынша Бейжің Ватиканнан тек қана Қытай мен Рим католик шіркеуінің арасындағы екі-жақты қарым-қатынас мәселелерімен шұғылданатын кардиналды тағайындауын өтініпті. Оған үміткерлер ретінде 2 поляк дін қайраткерінің есімдері аталатын көрінеді.

31 тамыздан 5 қыркүйек аралығында Сеул қаласында Азияның әлемшіл-католиктерінің конгресі өтеді. Рим Папасының кеңесі ұйымдастырып отырған осы жиын кезінде понтификтің өкілі мен Бейжіңнің эмиссарлары тікелей кездесе алады.

Бейжіңнің Ватиканмен арадағы қарым-қатынасына деген көзқарасының аяқастынан құбылуына ислам дінінің Қытайға кең тарауына қарсы тұру үшін Қытай үкіметінің католик шіркеуіне арқа сүйегісі келгені түрткі болған сияқты.
XS
SM
MD
LG