Accessibility links

ВР-дің Мексика шығанағында $1 млрд.-қа тақады


British Petroleum Максика шығанағындағы мұнайдың төгілуін тоқтатуға жұмсаған шығындары шамамен 930 миллион долларға жеткенін мәлімдеді. Концерннің атап көрсетуінше, осы апатты ауыздықтауға жұмсалуы мүмкін шығындарын есептеп білу мүмкін емес.

АҚШ ғалымдары мұнайдың ел тарихында бұрын-соңды болмаған мөлшерде төгілгенін растады.

Жаңа жорамал бойынша, теңіз түбіндегі мұнай ұңғымасынан тәулігіне 12 мыңнан 19 мың баррельге дейін шикізат төгілуде. Бұл осыдан 5 апта бұрын ВР компаниясы мен АҚШ-тың теңіз жағалауы күзетінің тәулігіне 5 мың баррель төгіледі деген бастапқы есебінен әлдеқайда көп.

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG