Accessibility links

Ставропольдегі жарылыс бойынша 2 күдікті ұсталды


Ингушетияда 26 мамыр күні Ставропольде болған жарылысқа қатысы бар деген күдікпен 2 кісі ұсталды.

Ішкі істер басқармасынан хабарланғандай, ұсталғандардың бірі жол полициясының қызметкері көрінеді.

Жұма күні – 28 мамыр – Ставрополь өлкесінде қаза тапқандар бойынша қаралы күн болып жарияланды. Оларды жерлеу осы күні басталды.

Төтенше жағдайлар бойынша өлкелік орталықтан хабарланғандай, ауруханаларда жапа шеккен 30-дан астам адам қалды. Төртеуі хал үстінде, сегізі – ауыр халде жатыр.

Жалпы Ставропольдің орталығындағы концерт залының маңайында болған жарылыстан 40-тан астам кісі жараланды.
XS
SM
MD
LG