Accessibility links

Пәкістанда 2 мешітте 20-дан астам кісі қаза болды


Пәкістанның шығысындағы Лахор қаласында 2 мешітке жасалған шабуылдан 20-дан астам адам қаза болды. Бір мәліметке қарағанда, кепілдікке алынғандар да бар сияқты.

1 мешітті полиция қоршап алды. Шабуылдағандар мешіттен кетіп үлгермеді деген күдік бар.

Жалпы дүние жүзінде исламнан бөлінген Ахмади қауымына 4 миллиондай адам кіретін көрінеді. Бұл қауым 19 ғасырда пайда болған.

Лахордағы 2 мешітке бітіспес сүннит топтары жиі шабуыл жасайды.

Оның алдында жұмада Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Кветта қаласында 4 полицей беймәлім қаскүнемдердің оғына ұшып қаза тапты.
XS
SM
MD
LG