Accessibility links

Чехияның жаңа үкіметін кімнің құратыны белгісіз


Чехияда Социал демократтар партиясы парламенттік сайлауларда жеңіске жетті бірақ орталықшыл-оңшыл партиялар жалпы көбірек дауыс жинады. Енді елдің жаңа үкіметін кімнің құратыны белгісіз.

Чехияның статистика жөніндегі кеңсесінің мәліметінше, Социал демокртаттар 22.1 пайыз дауысқа қол жеткізсе, олардың негізгі қарсыласы Азаматтық демократиялық партиясы 20.2 пайыз дауысқа ие болған. Алдын-ала жасалған болжам бойынша Социал демократтар дауыстардың басым бөлігін жеңеді делінген болатын. Енді аталмыш партия бір өзі үкімет құра алмайды. Парламенттегі орындарға қол жеткізген кішігірім партиялар коалициялық үкімет құрылуына көмектесуі мүмкін.
XS
SM
MD
LG