Accessibility links

Косово полициясы шерушілерге газ атты


Косово полициясы Митровица қаласында наразылық танытқан жүздеген этникалық албандар мен серб шерушілерін тарату мақсатында көзден жас ағызатын газ атты. 2 мыңға жуық албан азаматы Сербияның Митровицада жергілікті сайлаулар өткізуіне байланысты наразылық танытты. Олар жексенбі күнгі дауыс берулер Косовоның егемендігін бұзады дейді. Сербия Косовоның тәуелсіздігін мойындамай отыр. Аталмыш қалада жүздеген серб азаматы да албандарға қарсы шеру өткізіп, тас лақтырды. Бұл аймақта НАТО-ның бітімгершілік күштері орналастырылған.
XS
SM
MD
LG