Accessibility links

Бүгін - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні


Бүгін Қазақстанда - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Елде бұл күн, саяси қуғын-сұргін құрбандарын еске алу жылы болып аталған 1997 жылдан бастап атап өтіледі.

Өткен ғасырдың 20-50 жылдары аралығында Қазақстанға неміс, шешен, грек, қалмық, ингуш,қырым татарлары көшірілген болатын. Ресми ақпарат бойынша саяси қуғын жүрген жылдары шамамен төрт миллион адам зардап шеккен.

Нақ осы жылдары қазақстандық ғылым, мәдениет және саясат саласының зиялы қауым өкілдері атылған.

1993 жылғы сәуірдің 14-інде «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды.
XS
SM
MD
LG