Accessibility links

«Агата» тропикалық дауылынан 80-нен аса адам құрбан болды


Орталық Америка елдеріне жеткен «Агата» тропикалық дауылынан кем дегенде 82 адам қаза болды. 75 мыңнан аса адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Қазір дауыл күші әлсіреді деген ақпарат бар.

«Агата» тропикалық дауылы сенбі күні Тынық мұхитта Гватемала жағалауында пайда болған, дауылға ілескен желдің жылдамдығы жексенбі күні 80 шақырым/сағатқа дейін жеткен.

Мексиканың оңтүстік-шығысында қауіп-қатердің жоғары деңгейі жарияланып отыр. Ал Гватемаламен шекаралас Чьяпас штатында халыққа дауылдың келе жатқаны туралы ескерту жасалды.




XS
SM
MD
LG