Accessibility links

Ливияда ұшақ апатына экипаж кінәлі болуы мүмкін


Ливиялық Airbus A330 ұшағының апатына «адам факторы» себеп болуы мүмкін, себебі, лайнер техникалық тұрғыдан ақаусыз болған. Бұл туралы ұшақ апатының себебін анықтау үшін құрылған комиссия мәлімедеді.

«Апат болғанға дейін ұшақтың жұмысында техникалық ақаудың орын алғанын қуаттайтын ешқандай дәлел жоқ»,- деді сарапшы борттың «қара жәшігіндегі» жазбаларға жүргізілген тексеруден кейін.

Комиссия сондай-ақ лайнер бортында жарылыс болу немесе өрт шығу ықтималдығын да жоққа шығарды. Лаңкестік әрекет туралы ақпарат та теріске шығарылды. Комиссия өз жұмысын әлі де жалғастыруда.

Ливиялық Afriqiyah Airway компаниясының Йоханнесбургтен Триполиге бет алған Airbus 330 ұшағы әуежйға қону алдында жарылды.

Бортта 93 жолаушы және 11 экипаж мүшесі болған. Жалғыз тоғыз жасар голландиялық ұл баладан басқасының барлығы қаза болды.

AzattyqTV

АҚШ-ты көру арманы

Ағылшын тілін 72 жаста оқу

XS
SM
MD
LG