Accessibility links

Гуманитарлық жүк кемесіне шабуыл жасалды


Бүгін Израиль әскерінің гуманитарлық жүк тиелген кемені басып алуы барысында екі адам қаза тауып, 30-ға жуығы жарақат алды. Гуманитарлық жүкті Түркия Газа секторына жөнелткен еді.

Стамбулда орналасқан исламшыл қайырымдылық ұйымының өкілі Серкан Негристің айтуынша, кемемен байланыс үзілген.
Израильдің жекеменшік телеарнасының ақпараты бойынша, қаза тапқандардың саны көп болуы мүмкін.

Израиль мен Мысыр тарапынан Газа секторына үш жылдан бері экономикалық тосқауыл қойылып келеді. Осы уақыт аралықта "Азаттық флотилиясының" бірнеше мың тонна гуманитарлық көмек пен құрылыс материалдары тиелген алты кемесі жіберілген.

XS
SM
MD
LG