Accessibility links

Ауғанстан: НАТО қолбасшысы Иранды айыптады


Өткен жексенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Бадахшан өлкесінде болған жарылыстан кем дегенде 7 полицей құрбан болды. Бұл қастандықтың жауапкершілгін Талибан қозғалысы өз мойнына алды.

Көрші Құндыз өлкесінде полицейлер өздері күзеткен постты еш шығынсыз қорғап қалды. Шабуыл жасағандардың ішінен 3 тәліп оққа ұшты.

Жексенбі күні, сондай-ақ, Ауғанстандағы НАТО күштерінің бас қолбасшысы Стэнли Мак-Кристалл Иранды тәліптерге көмек көрсетеді, атап айтқанда өз территориясында тәліп сарбаздарын жаттықтыратын лагерлерді ұйымдастырады және оларды қарумен қамтамасыз етеді деп айыптады.
XS
SM
MD
LG