Accessibility links

ЕҚЫҰ Грузиядағы сайлаудан заңсыздықтарды тапты


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушылары өткен жексенбі күні Грузияда болып өткен жергілікті билік сайлауы барысында айтарлықтай заңсыздықтарды тіркеді.

Еуропалық ұйым миссиясының мәлімдемесінде айтылғандай, сайлаудың ұйымдастырылуы ресми биліктің халықаралық стандартқа ұмтылатынын аңғартады.

Алайда, жүйелі түрде заңсыздықтарға кеңінен жол берілген, атап айтқанда – үгіт-насихат барысында үміткерлерге бірдей мүмкіндік жасалмады, ал дауыс беретін күні жәшіктерге бюллетеньдерді тастаған сәттер тіркелді, делінеді Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мәлімдемесінде.

Бастапқы нәтиже бойынша, президент Михаил Саакашвилидің билік басындағы партиясы жергілікті сайлауда үлкен басымдықпен жеңіске жетті. Партиядан ұсынылған үміткер Тбилиси әкімі Гиги Угулава алдын-ала есептеулерге қарағанда топ бастап келеді.
XS
SM
MD
LG