Accessibility links

Ауғанстанда тәліптердің бір көсемі қаза тапты


Ауғанстандағы НАТО күштерінің басшылығы оңтүстіктегі Кандагар өлкесінде Талибан көсемдерінің бірі қаза болғанын хабарлады.

Тәліптер жасағы жетекшілерінің бірі Хаджи Әмір жексенбі күні кешкісін Панджваи ауданына әуеден берілген соққыдан мерт болды. НАТО басшылығының мәліметіне сәйкес, онымен бірге тағы бірнеше тәліптің көзі жойылды.

Хаджи Әмір 2008 жылы Кандагардағы түрмеден қашқан болатын.
XS
SM
MD
LG