Accessibility links

Ирақ жоғарғы соты парламент сайлауының нәтижесін мақұлдады


Ирақ Жоғарғы соты наурыздың 7-дегі парламенттік сайлаулардың қорытындысын бекітіп, ресми түрде бұрынғы премьер-министр Аяд Әлауидің зайырлы Ирақия альянсын жеңімпаз деп жариялады.

Оның алдында Бағдадта берілген дауыстардың барлығы қайта саналған болатын. Сейсенбі күнгі сот шешімі Ирақтың сайлау дағдарысын шешуге бағытталған ірі қадам деп сипатталып отыр. Алайда жаңа үкімет құру мәселесі жақын арада шешіле қоймайды делінеді.

Ирақтың сайлау туралы заңына сәйкес, парламенттегі орындардың басым бөлігіне қол жеткізген ең ірі коалиция жаңа әкімшіліктің құрамын ұсынуы тиіс. Ең ірі коалиция Ирақия альянсы емес, қазіргі премьер-министр Нури әл-Маликидікі болып отыр.
XS
SM
MD
LG