Accessibility links

Мексикада төгілген мұнай Миссисипиге жетті


Мексика шығанағында төгілген мұнай Миссисипи штатына жетіп отыр. Штат губернаторы Хэйли Барбордың мәлімдеуінше, ұзындығы үш шақырымнан асатын, ені бір метрдей болатын мұнай дағы Миссисипи мен Алабама штаттарының арасында орналасқан Пти-Буа аралында анықталған.

Енді Луизиананың қосқанда үш штаттың экологиясына қауіп төніп тұр.

Бұдан бұрын, АҚШ прокуроры Эрик Холдер, Мексика шығанағындағы мұнайдың төгілуіне қатысты қылмыстық іс қозғалғандығын мәлімдеген. Мұнай сәуірдің 20-сы күні British Petroleum компаниясының ұңғыма платформасында болған апаттан кейін толассыз ағып жатыр. Оны тоқтату әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр.

Бұл АҚШ тарихындағы ең ірі экологиялық апат болып табылады.
XS
SM
MD
LG