Accessibility links

Израиль "Азаттық флотилиясындағы" азаматтарды босатады


Израиль үкіметінің мәлімдеуінше, Газа секторы жағалауында болған шара барысында ұсталған шетел азаматтарының барлығы 48 сағаттың ішінде босатылып, өз елдеріне қайтарылады. Ақпараттарға қарағанда қазір Израильде гуманитарлық миссияның 680 қызметкері тұтқында отыр. Әзірге Түркияның 50 азаматы ғана босатылған.

Дүйсенбі күні Израиль әскері Газа секторына гуманитарлық жүкпен аттанған "Азаттық флотилиясының" алты кемесін басып алған болатын. Әскери шабуыл барысында кемінде тоғыз адам қаза болды.
XS
SM
MD
LG