Accessibility links

Мексика шығанағында төгілген мұнай Флоридаға жақындады


Мексика шығанағында төгілген мұнай Флоридаға жақындап қалды.Сарапшылар, мұнай дағы штатқа жұма күні жетуі ықтимал дейді.

Осылайша енді төрт штаттың экологиясына қауіп төніп тұр.

Бұдан бұрын, АҚШ прокуроры Эрик Холдер, Мексика шығанағындағы мұнайдың төгілуіне қатысты қылмыстық іс қозғалғандығын мәлімдеген.

Мұнай сәуірдің 20-сы күні British Petroleum компаниясының ұңғыма платформасында болған апаттан кейін толассыз ағып жатыр. Оны тоқтату әлі күнге дейін мүмкін болмай отыр.

Бұл АҚШ тарихындағы ең ірі экологиялық апат болып табылады.
XS
SM
MD
LG