Accessibility links

Дағыстан: көздері жойылған 3 содыр да анықталды


Бейсенбі күні Дағыстан астанасы – Махачкаладағы терроризмге қарсы операцияның нәтижесінде көздері жойылған 3 содырдың да аты-жөндері анықталды. Ол туралы Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің Дағыстан бойынша басқармасы хабарлады.

Олар – милиция қызметкерлеріне қарсы қастандық жасағаны үшін іздеуде болған Эльгар Наурызов, таяуда осы қалада болған жарылыстарға қатысы бар Мұса Давыдов және Фазули Мамедов көрінеді.

Олар паналаған үйден қару-жарақ пен қолдан құрастырылған қопарғыш табылды.

Қауіпсіздік қызметкерлері мен бейбіт тұрғындардың ішінен жараланғандар жоқ.
XS
SM
MD
LG