Түркия президенті Абдулла Гүл 31 мамырда Газа аймағының жағалауындағы түрік азаматтары қаза болған оқиғадан кейін түрік елінің Израильмен арадағы қарым-қатынасы «ешқашан бұрынғыдай болмайды» деп мәлімдеді.
Бейсенбі күні Түркияда, өткен дүйсенбіде Израиль әскерилерімен қақтығыста көз жұмған Палестинаны қолдайтын азаматтар жерленді.
Түрік белсенділері - қайырымдылық көмегі тиелген «Азаттық флотилиясымен» Газа жағалауына бұзып өтпек болған. Израиль болса, Газаны теңіз жағынан бөгеп тұрған. Қақтығыста қаза болғандардың сегізі – Түркия азаматы болса, біреуі тегі түрік АҚШ азаматы болатын.
Израильдің мәлімдеуінше, кеменің біріне көтерілген еврей жауынгерлеріне белсенділер бірінші болып бас алды. Израиль сыртқы істер министрі Авигдор Либерман бұл оқиғаға халықаралық тергеу жүргізу керек деген үндеуге қарсы шықты.