Accessibility links

ВР мұнай ұңғымасын бітеді, Барак Обама оған өте ашулы


British Petroleum компаниясының мамандары Мексика шығанағындағы су астындағы апат болған мұнай ұңғымасына дөңгелек (цилиндр) бітеу орнатты.

АҚШ-тың жағалау күзеті қызметінің қолбасшысы адмирал Тэд Аллен мәлімдегендей, бұл мұнайдың төгілуін тоқтатудың ұзақ созылатын процесінің бірінші сатысы ғана көрінеді.

CNN телеарнасының хабарлауынша, мұнай соған қарамастан суға төгіліп жатыр.

BP компаниясының президенті Тони Хэйворд та мұнай ұңғымасына цилиндр бітеу орнату ұзақ жұмыстың басы ғана деп мәлімдеді.

Одан бұрын АҚШ президенті Барак Обама ВР-дің мұнайдың төгілуін тоқтатуға бағытталған іс-қимылының тым баяулығына қапаланды, ал CNN телеарнасына берген сұхбатында өте ашулы екенін де мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG