Accessibility links

Түркия Израильмен байланысын күрт қысқартады


Өткен дүйсенбідегі төтенше оқиғадан кейін Түркия Израильмен арадағы байланысын шындап қысқартпақшы. Сол күні Израильдің арнайы әскери бөлімі қайырымдылық көмегін тиеп Газа аймағының жағалауына қарай жүзіп келе жатқан бірнеше кемеге шабуыл жасады. Нәтижесінде 8 Түркия азаматы мен тегі түрік 1 АҚШ азаматы қаза тапты.

Түркия вице-премьері Булент Аринк парламентте Израильмен арадағы ынтымақтастық тыйылып, қазіргі байланыс қысқарады деп мәлімдеді.

Газаға қайырымдылық көмегімен бірге қару-жарақ та жеткізіле ме деп сескенетін Израиль осы аймаққа арналған жүктерге бірнеше жылдан бері бөгет қойып келеді.

Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөздегі араағайын елдердің ресми өкілі Тони Блэр Израильдің Газаны қоршауда ұстауын «нәтиже бермейтін іс» деп атады. Газа аймағының төңірегіндегі осы ахуалды АҚШ президенті Барак Обама да сынға алды.
XS
SM
MD
LG