Accessibility links

Янукович Ресеймен жаңа келісімге келмекші


Абхазия мен Оңтүстік Осетияны және Косово өлкесін дербес мемлекеттер ретінде мойындау халықаралық ережелерге қайшы келеді, деп мәлімдеді Украина президенті Виктор Янукович.

Президент лауазымына отырғанына 100 күн толуына байланысты жұма күні Киевте өткізген баспасөз маслихатында Янукович Ресеймен арадағы достық және ынтымақтастық туралы жаңа келісімге келу қажеттігін айтты. Ол атап көрсеткендей, алдыңғы келісім өткен жылы күшін жойды.

Севастополь мәселесіне тоқталғанда, Украина президенті қаланың арнайы мәртебесі туралы заң қабылдаудың қажеттігін көрмей отырғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG