Accessibility links

Ахмадинежад оппозицияның ереуіл өткізуіне тыйым алды


Жұма күні Иран президенті Махмұд Ахмадинежад оппозицияны егер алдағы аптаға жоспарлаған наразылық шарасынан бас тартпаса, қатаң шара қолданатынын ескертті.

Иран оппозициясы өткен жылдың 12 маусымындағы даулы президент сайлауының жылдығына орай наразылық ереуілін өткізуді жоспарлаған болатын.

Өткен жылы саяси репрессияның салдарынан ондаған жан мерт болып, 2 адам өлім жазасына кесілді, тағы 6 адам өлім жазасын тосып отыр.

Иран Ислам республикасын құрған аятолла Рухолла Хомейнидің дүние салғанына 21 толуына арналған шарада Ахмадинежад оппозицияны Иран қоғамының негізін шайқайды және өз әрекетімен елдің марқұм аятолла өсиет етіп кеткен даму жолын бұрмалайды деп айыптады.

Президент сөйлеп жатқан кезде жиналған жұрт «Алла жар болсын!», «Америка жойылсын!», «Израиль жойылсын!» деп ұрандап тұрды.

AzattyqTV

Қазақ-өзбек шекарасы

Достық тұрғындарының шағымы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG