Accessibility links

Израиль Газаға аттанған гуманитарлық кемені қоршап алды


Израильдің әскери теңізшілері Газа секторына гуманитарлық көмек алып бара жатқан кемені қоршап алды. Ирландиялық Rachel Corrie кемесіндегі палестиналықтарды қолдайтын белсенділер АҚШ пен Израильдің жүктерді тексеру жөніндегі талаптарын орындаудан бас тартты. Жерорта теңізіндегі бұл шиеленісті жағдай жаңа қақтығыс тудыруы мүмкін деген алаңдаушылықтар айтылып жатыр.

Дүйсенбі күні халықаралық суларда Газаға арналған гуманитарлық кемесінде жасалған рейд барысында 8 түрік азаматы мен бір американдық белсенді қаза тапқан болатын.

Израильдің айтуынша, исламшыл "Хамас" жетекшілеріне қарулар мен әскери жабдықтардың тасымалдануының алдын-алу үшін Газаға блокада жасаған. "Хамас" Израильдің жойылуын қолдаған еді.
XS
SM
MD
LG