Accessibility links

Израиль күштері гуманитарлық кемені Ашдодқа қарай бұрды


Израильдің әскери теңізшілері Газа секторына гуманитарлық көмек алып бара жатқан кемені қоршап алып, елдің оңтүстігіндегі Ашдод портына шығарып салып жатыр. Ирландиялық Rachel Corrie кемесіндегі палестиналықтарды қолдайтын белсенділер АҚШ пен Израильдің жүктерді тексеру жөніндегі талаптарын орындаудан бас тартқан болатын. Жерорта теңізіндегі бұл шиеленісті жағдай жаңа қақтығыс тудыруы мүмкін деген алаңдаушылықтар айтылды.

Дүйсенбі күні халықаралық суларда Газаға арналған гуманитарлық кемесінде жасалған рейд барысында 8 түрік азаматы мен бір америкалық белсенді қаза тапқан болатын. Израильдің айтуынша, исламшыл "Хамас" жетекшілеріне қарулар мен әскери жабдықтардың тасымалдануының алдын-алу үшін Газаға блокада жасаған. "Хамас" Израильдің жойылуын қолдаған еді.
XS
SM
MD
LG