Пәкістан ресми өкілдері алдағы жылы елдің қорғаныс саласындағы шығындардың ұлғайтылатынын жариялады.
2010-2011 жылғы бюджетке сәйкес 1 шілдеден бастап қорғаныс саласына 442.2 миллиард рупий, яғни 5.2 миллиард доллар бөлінеді. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда кемінде 17 пайызға артық. Келесі қаржы жылына арналған жалпы бюджет 38.3 миллиард долларды құрап отыр.
Пәкістан қаржы министрі Абдул Хафиз Шайх сенбі күні парламентте сөйлеген сөзінде елдің қауіпсіздік жағдайы әлі толық бақылауға алынбағанын баса айтты. Дегенмен министр елдегі қауіпсіздік күштерінің жетістіктерін атап өтті. Бірақ олар заңшығарушылардың қолдау танытуын қалайды деді Шайх.
Соңғы 3 жыл ішінде Пәкістандағы жанкешті қолымен ұйымдастырылған жарылыстар мен Талибан шабуылдарынан 3400-ден астам адам қаза болды.