Accessibility links

Қостанайдағы киіктерді браконьерлер өлтірген


Қазақстанның Қостанай облысында 30-ға жуық киікті браконьерлер өлтірді деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне аймақтағы орман мен аңшылық шаруашылығы инспекциясының басшысы Марат Бегімбетов. Өткен аптада Қостанай облысы аумағында мүйізі кесілген ондаған киіктің өлексесі табылған еді.

Ал оның алдында Батыс Қазақстан облысында қырылған киік саны 12 мыңға жеткен болатын. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, киіктің қырылуына пастереллез себеп болған деген ресми тұжырыммен биолог мамандар келіспей отыр.
XS
SM
MD
LG