Accessibility links

Түркия Израильді халықаралық тергеу жүргізуге шақырды


Түркия сыртқы істер министрі егер Израиль Газаға аттанған флотилиядағы рейдке байланысты халықаралық тергеу жүргізуден бас тартса, Израильмен арадағы қарым-қатынас қалпына келмейді деп мәлімдеді.

Ахмет Давутоғлуының айтуынша, егер Израиль халықаралық тергеу жүргізу туралы БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның ұсынысын қабылдамаса, бұл олардың бір нәрсені жасырып отырғандығын көрсетеді. Бұл туралы Давутоғлу Стамбулдағы қауіпсіздік саммиті барысында Ауғанстан және Пәкістан сыртқы істер министрлерімен өткізген баспасөз маслихатында мәлімдеді.

Түркия мен Израиль қарым-қатынасы 31 мамырда Газаға гуманитарлық көмек алып бара жатқан флотилиядағы оқиғаға байланысты шиеленісе түскен болатын. Өткен аптада флотилиядағы рейд барысында палестиналықтарды қолдайтын 9 белсенді қаза тапты, олардың көбі түрік азаматтары еді.
XS
SM
MD
LG