Accessibility links

Amnesty International Иранды айыптады


Халықаралық құқыққорағаушы Amnesty International ұйымы Иранды, елде өткен жылғы болған толқулардан кейін сот билігін репрессия құралы ретінде пайдаланып отыр деп айыптады.

Ұйымның мәліметі бойынша, соңғы рет мұндай жағдай мамыр айында болған. Сол кезде күрдттердің бес белсендісін өлім жазасына кесу арқылы билік диссиденттерге ескерту жасаған еді.

Өткен жазда Ирандағы президент сайлауының нәтижесіне оппозиция қарсы болып, әділ сайлау өткізуді талап еткен еді. Содан беріде елде толқу әрекеттері тыйылмай тұр.
XS
SM
MD
LG