Қызылорда облысында ауруханаға жатқызылған 12 жасар балада конго-қырым қанды безгегі диагнозы расталды, деп хабарлады Қазақстан төтенше жағдай министрлігі баспасөз қызметі.
Ақпаратқа қарағанда, 7-ші маусымда 22 сағат 30 минутта Қызылорда облысының Жаңақорған аудандық инфекциялық ауруханасына конго-қырым қанды безгегі кеселіне күдікпен Аққұм селосының 12 жасар тұрғыны жатқызылған.
«Сейсенбі күні 18 сағат 30 минутта диагноз расталды. Науқастың жағдайы өте ауыр. Жұқтыру ошағында залалсыздандыру шаралары жүргізілуде», - делінген таратылған ақпаратта.