Accessibility links

Ахмадинежад Душанбеде


Иран президенті Махмұд Ахмадинежад Тәжікстан астанасы Душанбеге сапарлап барды. Иран басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз өткізіп, су қауіпсіздігіне арналған халықаралық конференцияға қатысады.

Рахмонның кеңсесінің хабарлауынша, екі ел басшылары Тәжікстандағы энергетикалық жобаларға Иранның қатысуы туралы жаймен бірге халықаралық мәселелерді де талқылайды.

Душанбеден кейін Ахмадинежад Шанхай-Экспо көрмесін тамашалау үшін Қытайға аттанады.
XS
SM
MD
LG