Accessibility links

Ташкентте Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті ашылды


Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте жыл сайынғы Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті ашылды.

Екі күндік жиын барысында қауіпсіздік мәселесі мен Ауғанстан және Қырғызстандағы ахуал сөз болады деп күтілуде. Мәжілістің пленарлық отырысында Ауғанстан мен Түркіменстан президенттері – Хамид Карзай және Құрбанғұлы Бердымұхамедов қатысады деп хабарланып отыр.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Қытай, Тәжікстан және Өзбекстан мүше.
XS
SM
MD
LG