Бүгін Қазақстан сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Кеден одағының Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы» заңды қабылдады.
«Кеден одағының Кеден кодексінде бірқатар жаңалықтар қамтылып отыр. Атап айтқанда, құжатта өзара сауда кезінде кедендік рәсімдеу және кедендік бақылауды алып тастау Кеден одағының бірыңғай кеден аумағы түсінігін енгізу, арнайы жеңілдіктерді пайдаланатын өкілетті экономикалық операторлар институтын құру шаралары көзделеді», - деді құжат бойынша баяндаған Қаржы министрі Болат Жәмішев.
Оның айтуынша, Кеден одағының Кеден кодексі бірыңғай кеден аумағында кедендік реттеу саласында негізгі алынатын нормативтік құқықтық акт болып табылады.
Парламент қабылдаған заң президенттің қол қоюына жіберіледі.