Мексика шығанағында мұнай ұңғымасындағы апаттан кейінгі 50 күннің ішінде сол төңіректегі 1 мыңнан астам жабайы құс мұнай қалдығынан зардап шекті. Олардың тең жартысы қырылып қалған. Бұл туралы France-Presse агенттігі хабарлады.
Мамандардың мәлімдеуінше, мұнай ұңғымасындағы апаттың салдарынан қырылған құстардың әзірге 1/10-і ғана табылады.
Шығанаққа төгілген мұнайдан қырылған дельфиндер мен теңіз тасбақаларының санын есептеу тіпті мүмкін емес. Бұл жануарлар теңіз түбінде мерт болып, жағалауға қалқып шықпайды.
АҚШ-тың Луизиана штатының жағалауынан 52 мильдей қашықтықта орналасқан Deepwater Horizon мұнай платформасында апат осыдан 2 айдай бұрын болды. Содан бері платформасының иесі British Petroleum апаттың салдарын ауыздықтауға тырысуда.