Accessibility links

Оштағы қырғын құрбандарының саны 17-ге жетті


Қырғызстанның Ош облысында өткен түні болған қақтығыстың салдарынан, тың мәлімет бойынша, 17 кісі қаза болып, 200-ден астам адам жараланды.

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі хабарлағандай, олардың көпшілігі оқтан жараланған. Жаралылардың саны өсе түсуі мүмкін.

Уақытша үкімет төрайымының орынбасары Әзімбек Бекназаров Оштағы түнгі оқиғаны ұлтаралық қақтығыс деп сипаттады.

Өзбектер көп тұратын және ұлтаралық жікшілдік асқынып тұрған Ош қаласында төтенше жағдай тәртібі орнатылды.

Бейсенбі күні Ош қаласы мен облыстың бірнеше елді-мекенінде жастардың тобы төбелес шығарып, ойран салды. Қалаға ішкі әскер тартылды. Құқық сақшылары күшейтілген тәртіп бойынша қызмет ету үстінде.

Қырғызстанның жаңа билігі бұл қақтығысты биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің сыбайластары ұйымдастырды деп айыптады.

XS
SM
MD
LG