Accessibility links

Ошта құрбандардың саны 26-ға, жараланғандар 450-ге жетті


Қырғызстанның Ош облысындағы өткен түнгі қақтығыстан, денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, кемінде 26 адам қаза болып, 450-ден астам адам жараланды.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Ош қаласының өзбектер басым тұратын Черемушка ауданында тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар өртеніп жатыр.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Ташкентте өтіп жатқан саммитінде Ресей президенті Дмитрий Медведев Кремль бұл қақтығыстың тезірек аяқталғанын тілейді деп мәлімдеді.

Бішкектегі АҚШ елшілігі қырғыздарды сабырға шақырды.

Қырғызстанда Ресей мен АҚШ-тың соғыс базалары бар.

Қырғызстанның оңтүстігі биліктен қуылған президент Құрманбек Бакиевтің саяси тірегі болып келді.
XS
SM
MD
LG