Accessibility links

Обама Британия премьерімен мұнай дағдарысын талқылайды


Ресми өкілдердің айтуынша, сенбі күні АҚШ президенті Барак Обама телефон арқылы Британия премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен сөйлесіп, Мексика шығанағындағы мұнай дағдарысы мен оған жауапты британиялық "Бритиш петролеум" компаниясының жұмыс барысын талқылайды.

Жұма күні Кэмерон "Бритиш петролеумды" қорғап, оның қаржылай мықты және тұрақты болуы Британия мен АҚШ мүддесіне де тиімді деп мәлімдеді. Кэмеронның баспасөз хатшысының айтуынша, премьер-министр төгіліп жатқан мұнайдың қоршаған ортаға келтіріп жатқан зардабына байланысты алаңдаушылық танытқан.

Бұл АҚШ тарихындағы ең ірі экологиялық апат деп сипатталып отыр.
XS
SM
MD
LG