Иранның Орталық банкі елге инвестиция құятын шетелдік инвесторлардың ақшасы 10 пайыздық өсіммен қайтарылады деп хабарлады. Бұл қадам халықаралық санкцияларға қарамастан шетелдік инвесторларды ынталандыру үшін жасалып отыр делінеді. Орталық банктің жетекшісі Махмуд Бахманидің айтуынша, экономика министрлігі мен Орталық банк "бастапқы және капиталдық пайданың қайтарылуына кепілдік береді".
Сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі даулы ядролық бағдарламасын дамытудан бас тартпай отырған Иранға қосымша санкциялар енгізген болатын.
Сәрсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі даулы ядролық бағдарламасын дамытудан бас тартпай отырған Иранға қосымша санкциялар енгізген болатын.