Accessibility links

ЕҚЫҰ төрағасы Қырғызстанға арнайы өкілін жібереді


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Қазақстан сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қырғызстанға арнайы өкілін жіберу жөнінде шешім шығарды. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі хабарлап отыр.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Саудабаев бұл шешімді Қырғызстан уақытша үкіметінің басшысы Роза Отунбаевамен, бірқатар ықпалды мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен және халықаралық ұйымдардың басшыларымен телефон арқылы сөйлескен соң шығарған.

Маусымның 11-де Саудабаев Қырғызстанда қақтығысып жатқан барлық жақтарды зорлық-зомбылықтан аулақ болып, проблемаларды диалог арқылы шешуге шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG