Accessibility links

Ошта тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікке ілінген саясаткер ұсталды


Қырғызстан оңтүстігінде болған жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікпен Жалал-Абад облысында бір саясаткер ұсталды, деп хабарлайды Уақытша үкіметтің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ұсталған адам – Қырғызстанда белгілі тұлға. Қазір құқыққорғау органдарында жауап беріп жатқан саясаткердің аты-жөні аталмай отыр.

Алдын-ала жеткен мәліметтер бойынша, өткен жұма күннен бастап Қырғызстанның оңтүстігінде болып жатқан тәртіпсіздіктерге бірқатар саяси партиялардың да қатысы болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG