Accessibility links

Иран Газаға гуманитарлық көмек тиелген кеме жіберді


Иран маусымның 13-інде блокададағы Газа секторына гуманитарлық көмек кемесін жібергенін хабарлады. Тағы бір ирандық кеме Газаға жұма күні аттанады делінеді. Иранның бұл әрекеттері Израильді одан әрі ашуландыруы мүмкін.

Мамырдың 31-інде Газаға гуманитарлық көмек көрсетпекші болған флотилияда Израиль рейд жүргізген соң палестиналықтарды қолдайтын 9 түрік белсендісі қаза тапқан еді. Халықаралық қауымдастық бұл оқиғаға байланысты наразылық танытты.

Иранның палестиналықтарды қорғау жөніндегі қоғамының ресми өкілі "Теһран Газадағы блокада аяқталғанға дейін гуманитарлық көмек жіберіп тұрады" деп мәлімдеді.

Израиль Иранды исламшыл "Хамас" жетекшілеріне әскери көмек көрсетеді деп айыптап отыр. Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып келеді.
XS
SM
MD
LG