Accessibility links

Қырғызстандағы қақтығыстан кемінде 118 адам қаза болды


Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елдің оңтүстігінде осыдан төрт күн бұрын басталған этникалық қақтығыстарда кемінде 118 адам қаза болып, 1600-ден астам адам жарақат алған.

Хабарларға қарағанда, ондаған мың өзбек азаматы Өзбекстанға босып кеткен. Халықаралық "Қызыл крест" комитеті Қырғызстанның оңтүстігіндегі гуманитарлық жағдай күрделі болып барады деп ескертті.

Дүйсенбі күні Люксембургта жиналған ЕуроОдақ сыртқы істер министрлері тараптарды тыныштық пен мәмілеге шақырды.
XS
SM
MD
LG