Accessibility links

Қазақстан президентін ерекшелейтін заң күшіне енді


Қазақстан президентін «Елбасы» ретінде ерекшелейтін бір ай бұрын қабылданған заң өз күшіне енді. Заң мәтіні бүгін елдің ресми баспасөз құралдарында жарық көрді.

Заң ресми түрде былай деп аталады: Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің – Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң.

Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен, яғни бүгіннен бастап қолданысқа енгізіледі.

«Осы Конституциялық заң Парламент Сенатының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың, Парламент Мәжілісінің Төрағасы О.Б.Мұхамеджановтың, Премьер-Министр К.Қ.Мәсімовтің қолдары қойылып тиянақталғандықтан, ол осы Конституциялық заңның құқықтық әдептілігін және оның заңдылығына аталған лауазымды тұлғалардың заңдық жауапкершілігін айғақтайды.» делінген заң мәтінінде.

Еске сала кетсек, бұл заңды мамырдың 13-інде ел парламенті қабылдап, президенттің қол қоюына жіберген болатын. Ал маусымның 3-інде Нұрсұлтан Назарбаев заңға қол қоймайтынын мәлімдегенімен, қарсылық білдірген жоқ. .
XS
SM
MD
LG