Қырғызстанның бас прокуратурасы, елдің биліктен қауылған президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы - Максимді экстрадициялауды сұрап, Ұлыбританиға тиісті сұраным дайындап жатыр.
Маусымның 14 күні, Қырғызстанда өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалған Қырғызстан экс-президентінің ұлы Максим Бакиев Ұлыбританияда ұсталғандығы белгілі болды. Бұл туралы Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Кенешбек Дүйшебаев Қырғызстанның бірінші ұлттық арнасында мәлім еткен еді.
Дүйшебаевтың айтуынша, Бакиевті Гемпширдегі "Фарнборо" әуежайынан өзінің жалға алған жеке ұшағымен келіп қонғаннан кейін, Ұлыбританияның шекара агенттігі қызметкерлері қолға түсірген. «Сіздер оның бірнеше бап бойынша айыпталып, халықаралық іздеуге салынғанын білесіздер», - деді Дүйшебаев.