Accessibility links

ҰҚШҰ Қырғызстанға техникалық көмек береді


Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер Қырғызстанға елдің оңтүстігіндегі ахуалды қалпына келтіру үшін авиациялық техника және әскери көлік береді. Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Алик Орозовтың жергілікті тәуелсіз баспасөз құралына хабарлағанындай, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының дүйсенбі күні болып өткен кеңесінде осындай шешім қабылданды.


Осыған дейін хабарлағанымыздай, Мәскеуде Қырғызстанға бітімгершілік күштерін орналастыру мүмкіндігі талқыланған болатын.


Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Армения, Беларус, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан кіреді.
XS
SM
MD
LG