Accessibility links

16 маусым – Қырғызстанда қаралы күн


Қырғызстанда 16 маусым Ош және Жалалабад облыстарындағы қақтығыс құрбандарын еске алуға байланысты қаралы күн болып жарияланды. Бұл туралы сейсенбі күні Бішкекте өткізген баспасөз маслихатында Уақытша үкімет төрайымы Роза Отынбаева хабарлады.


"Ресми мәлімет бойынша 170 адам қаза тапты, бірақ олардың саны әлдеқайда өсе түсуі мүмкін"-, деп мәлімдеді Отынбаева.


Қырғызстан бірінші вице-премьері Алмазбек Атамбаев елден 60 мыңдай өзбектің босып кеткенін хабарлады.


Қырғызстандағы ірі саяси партияның бірі болып табылатын «Ар-намыс» партиясының көсемі Феликс Құлов сейсенбі күні мемлекеттік биліктің қарулы қылмыстық топтардың қолына өтуіне жол бермеу үшін елге бітім күштерін енгізу қажет деп есептейтінін мәлімдеді.


Ош пен Жалалабадтағы ахуалды қалпына келтіру үшін қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің және ішкі әскердің қосымша бөлімдері шоғырландырылды.
XS
SM
MD
LG